17.09.2015, 11:20 3969

Сенат жұмылдыру мәселелерініӊ дайындығына бағытталған заӊ жобасын Мәжіліске қайтарды

Бүгін Сенаттыӊ жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасына бірқатар түзетулер енгізілгендіктен, заӊ жобасы Мәжіліске қайтарылды

Астана. 17 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Сенаттыӊ жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасына бірқатар түзетулер енгізілгендіктен, заӊ жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жұмылдыру дайындығыныӊ негізгі міндеттерініӊ бірі жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру болып табылады. Бұдан бөлек, мемлекеттіӊ жұмылдыру әзірлігін арттыру қарастырылады. Жұмылдыру дайындығыныӊ негізгі міндеттерін іске асыру жұмылдыру, соғыс жағдайы мен соғыс уақыты кезеӊінде мемлекетті тұрақты басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте заӊ жобасында "мемлекеттік органдардыӊ жұмылдыру жоспары", "әкімшілік аумақтағы жұмылдыру жоспары" деген ұғымдар бекіту бөлігіне өзгерістер енгізілді", - деді Е.Досаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Министр атап өткендей, қолданыстағы заӊнамаға сәйкес, Үкімет жұмылдыру дайындығыныӊ әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу жаттығуыныӊ іс-шараларын және Қарулы күштердіӊ, басқа да әскери құрылымдардыӊ, арнаулы мемлекеттік органдардыӊ жұмылдыру шараларын ұйымдастырады.

"Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес, ұйымдардыӊ жұмылдыру, соғыс жағдайы мен соғыс уақытында мемлекеттік қорғаныс мүддесіне мемлекеттік тапсырыстар мен тапсырмаларды орындаудан бас тартуға құқығы болмайды. Осыған байланысты құжатта "тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетудіӊ тиісті кезеӊге арналған жоспары" деген ұғымдар бөлігіне өзгерістер енгізіліп отыр", - деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Оған қоса, сенатор Мұхтар Алтынбаев заӊ жобасынан мемлекеттік резервтіӊ дебиторлық қарызы пунктін алып тасталғанын айтты.

"Заӊ жобасын талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған жобаға толықтырулар енгізу қажет болды. "Азаматтық қорғаныс туралы" ҚР 11 Заӊыныӊ 33 бабыныӊ бөліміне мемлекеттік резервтіӊ дебиторлық қарызы пунктін алып тастау қарастырылды. Болашақта дебиторлық қарызы пунктін алып тасау бухгалтерлік заӊнамаға сәйкес жүргізіледі", - деді депутат.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны