14.05.2014, 22:07 3121

Сенатқа Ауғанстан делегациясы келді

Сенатта Ауғанстан Ұлттық Ассамблеясы Волеси Жирга Аппаратының өкілдерімен кездесу болды. Меймандар біздің елімізге танысу сапарымен келген болатын.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Сенатта Ауғанстан Ұлттық Ассамблеясы Волеси Жирга Аппаратының өкілдерімен кездесу болды. Меймандар біздің елімізге танысу сапарымен келген болатын.

Екі елдің заң шығару органдары аппараттарының арасында кеңесулер болып, тәжірибе алмасты, деп ҚР Парламенті Сенатынан хабарлады.

Қазақстан Парламенті Сенаты Аппаратының қызметкерлері еліміздегі заң шығару үдерістері, мемлекеттік басқару жүйесіндегі Сенаттың рөлі, жоғарғы Палатаның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы әңгімеледі.

Ауған делегациясы сондай-ақ Аппараттың құрылымдық бөлімдерінің жұмыстары, парламентаралық байланыстарды дамыту және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл туралы да хабардар етілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны