20.04.2017, 15:58 5741

Сенатор Д.Назарбаева: "Сыбайлас жемқорлықпен күрес "елестермен күреске" айналып кетпесін"

Сенатор сонымен бірге сыбайлас жемқорлық туралы тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды. "Оларды қорғауды және лайықты марапаттауды қамтамасыз ету қажет",- деп санайды сенатор.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - 19 сәуірде Парламент Сенатында Дариға Назарбаеваныӊ төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заӊнаманы жетілдіру" тақырыбы бойынша дөӊгелек үстел отырысы болды,-деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ Баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Алик Шпекбаев негізгі баяндама жасады. Атқарылған істер жайында айта келіп, ол нормативтік-құқықтық актілердіӊ жобаларын міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау және айқындалған сыбайлас жемқорлық қауіптері жөніндегі ұсыныстарды міндетті түрде орындау институтын қалпына келтіруді ұсынды. Одан басқа, агенттік этикалық тұрғыдағы тәртіпсіздіктердіӊ жекелеген құрамын мемлекеттік қызметтіӊ беделін түсіру әрекеттерініӊ қатарына жатқызуды ұсынып отыр.

Дариға Назарбаева сыбайлас жемқорлықпен күрес "елестермен күреске" айналып кетпеуіне назар аударды. "Адамды жазалау үшін шешім қабылдауда әдепсіздікті қалай өлшеуге болады? Онда адам тағдыры, оныӊ отбасыныӊ тағдыры шешіледі. Бұл жерде өте мұқият болу керек", - деді ол.

Сенатор сонымен бірге сыбайлас жемқорлық туралы тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды. "Оларды қорғауды және лайықты марапаттауды қамтамасыз ету қажет",- деп санайды сенатор.

Сенаторлар Нұртай Ибіқаев, Серік Жақсыбеков, Ляззат Киинов, Рашит Ахметов, Серік Ақылбай, Сәрсенбай Еӊсегенов өз ұсыныстары мен ескертпелерін айтты. Депутаттар Парламент жанынан ғылыми-зерттеу институтын құруды, мемлекеттік қызметшілерді таӊдау барысына жан-жақты назар аударуды, мемлекеттік қызметшілерге лайықты еӊбекақы төлеу мүмкіндігін қарастыруды, қоғамдық кеӊестер жұмыстарын жетілдіруді ұсынды.

Дөӊгелек үстел соӊында комитет төрағасы Д.Назарбаева "Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарында барлық маӊызды мәселелер қарастырылған болатын. Парламент қажет заӊдарды қабылдады, бірақ олар жұмыс істемей отыр, өйткені бюрократия оған назар аудармады", - деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны