15.10.2010, 16:41 5073

Сенатор Төрегелдинов тергеу изоляторын Алматының шетіне көшіру керек деген пікірде

Сенатор Төрегелдинов тергеу изоляторын Алматының шетіне көшіру керек деген пікірде

Астана. 15 - қазан. Kazakhstan Today - ҚР парламентінің сенат депутаты Жұмабек Төрегелдинов тергеу изоляторын Алматының шетіне көшіру керек деген пікірде. Бұл туралы оның ҚР премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сіздің араласуыңызды қажет ететін мәселе бар, атап айтқанда: Сейфуллин - Райымбек көшелеріндегі Иділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесінің үш мекемесінің Алматы қаласының аумағында орналасуы",- деді Жұмабек Төрегелдинов премьерге қарап айтқан сөзінде.

Қала орталығында орналасқан тергеу изоляторының жазасын өтеушілердің туыстары тарапынан жүргізілетін наразылық акциялары қоғамда қайшы көзқарастар туғызатындығын айта келе ол, "жалпы алаңы екі гектарды алып жатқан, алғаш рет 1896 жылы пайдалануға берілген ЛА15-155/1 мекемесінің ғимараты мен қоршауы заманауи талаптарға сай еместігін" айтып өтті.

"ЛА15-155/1 маңындағы халықтың тығыз орналасқандығын ескере отырып, оны қала сыртына көшіру туралы мәселені қарастыруыңызды сұраймын",- деді Ж. Төрегелдинов өзінің депутаттық сауалында. Сауал соңына сондай-ақ сенат депутаты Ахан Бижанов та қол қойды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны