10.01.2013, 14:56 2615

Сенатор И. Ахметов ЕҚЫҰ Төрағасының Жеке өкілі болып қайта тағайындалды

Украинаның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Иділ Ахметов ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Жеке өкілі лауазымына бекітілді. Естеріңізге сала кетсек, сенатор Иділ Ахметов бұл қызметті 2009 жылдан бері атқарып келеді.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Сенатор И. Ахметов ЕҚЫҰ Төрағасының Жеке өкілі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Иділ Ахметов ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасының Жеке өкілі болып қайтадан тағайындалды.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Украинаның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Иділ Ахметов ЕҚЫҰ Іс басындағы Төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Жеке өкілі лауазымына бекітілді. Естеріңізге сала кетсек, сенатор Иділ Ахметов бұл қызметті 2009 жылдан бері атқарып келеді.

И.Ахметов Қазақстан Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, сонымен қатар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшесі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны