23.05.2008, 12:46 1359

Сенатор ИКК-дың табысы төмен кәсіпорындарды дамытуға бағытталған жобаларына салық жеңілдігін беруді ұсынады

Сенатор ИКК-дың табысы төмен кәсіпорындарды дамытуға бағытталған жобаларына салық жеңілдігін беруді ұсынады

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының депутаты Еділбай Иманқұлов ИКК-дың табысы төмен кәсіпорындарды дамытуға бағытталған жобаларына салық жеңілдігін беруді ұсынады. Ол мұндай ұсынысты бүгін "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өңірдің даму негізі" атты дөңгелек үстел барысында ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасын парламентте талқылаған кезде Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар табысы төмен кәсіпорындарды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырған жағдайда салық жеңілдігін жасау жөнінде ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау орынды деп санаймын", -деді Е. Иманқұлов.

Сенатор сонымен бірге парламентке келіп түсе қоймаған "Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасында "айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар бар" екенін атап өтті.

"Онда Илеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың іс-қызметін мемлекет тарапынан реттеуді жүзеге асыруға тиіс уәкілетті органның құзыреті әсіре схемалы түрде көрсетілген. Осындай органды құру тәртібі, оның үкіметпен және ИКК-мен ықпалдастығы регламенттелмеген", - деді ол.

"Сонымен бірге, жасалған заң жобасында оны тікелей әсерлі заң ретінде пайдалануды қиындата түсетін бланкетті нормалар өте көп. Оның кейбір ережелері нақты емес, ол оны екіұдай түсіндіруге және осындай нақсыздықты сыбайлас жемқорлық мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді", - деді Е.Иманқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны