14.01.2021, 18:35 11779

Сенаторлар ауыз сумен қамтамасыз етуді субсидиялау туралы заң жобасын қабылдады

Заң жобасы ауыл тұрғындарына арналған су тарифін төмендетуді көздейді.
Нұр-Сұлтан. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Парламент Сенатының депутаттары "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламент Сенатының ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
 
Құжат бүгін екі оқылымда қабылданды. Заң жобасы ауыл тұрғындарына арналған су тарифін төмендетуді көздейді. Оған субсидия алу жөніндегі рәсімдерді оңтайландыру есебінен де қол жеткізілуге тиіс. Ал осы тарифтердің өзі енді нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып айқындалуы тиіс.
 

Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Депутаттар бастамашылық жасаған осы заң ауылдық жерлерді сумен жабдықтау мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз. Ұсынылып отырған нормалар өңірлерді дамытуға және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айқын", - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.



 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны