22.02.2024, 17:40 79436

Сенаторлар бизнеске әкімшілік жүктемені азайту туралы заңды қарады

Бұл құжат тиісті заңнаманы қоғам мен бизнестің мүдделерін ескере отырып жетілдіруді көздейді
Сенаторлар бизнеске әкімшілік жүктемені азайту туралы заңды қарады, деп хабарлайды ҚР Эконмика министрілігінің баспасөз қызметінен.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар бизнес жүргізу мәселелері бойынша заңды қарады.

Отырыс барысында Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бірінші оқылымда қарады. Бұл құжат тиісті заңнаманы қоғам мен бизнестің мүдделерін ескере отырып жетілдіруді көздейді.

Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет жағдайларын жақсартуға, бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға және негізсіз кедергілерді жоюға қатысты өзгерістер қамтылған. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалау тәртібін реттейтін нормалар да бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны