10.06.2014, 21:11 2741

Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан келген әріптесімен кездесті

Сенаторлар Икрам Адырбеков пен Дулат Құсдәулетов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер комитетінің, Португалия Парламентінің депутаты Изабель Сантушпен кездесті.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Сенаторлар Икрам Адырбеков пен Дулат Құсдәулетов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер комитетінің, Португалия Парламентінің депутаты Изабель Сантушпен кездесті.

ЕҚЫҰ ПА-дағы Қазақстанның парламенттік делегациясының мүшесі, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы И.Адырбеков португал әріптесінің Астанаға алғашқы сапарын құптай отырып, ЕҚЫҰ қызметіндегі барлық үш өлшемінде күшейту жөніндегі Парламенттік Ассамблея басшылығының күш-жігерін Қазақстан тарапы жан-жақты қолдайтынын нақтылады. "Хельсинки+40" процестерін" біз жаңару, тиімділікті және біздің Ұйымның беделін арттыру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырамыз" - деді сенатор.

И.Сантуш жылы шырайлы кездесулер үшін депутаттарға алғыс айтып, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы қазақстандық делегацияның белсенді жұмысын атап өтті, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан экономикасының соңғы жылдардағы дамуын оң бағалай келіп, ол Хельсинки Қорытынды актісінің 40 жылдығы қарсаңында Ассамблеяның аймақтағы елдермен ынтымақтастықты үдетуде Астананың оң рөліне сенім артатынын жеткізді.

Кездесу барысында сондай-ақ Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер комитетінің аясындағы Қазақстан мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бірлескен жұмыстарындағы басымдықтар да талқыланды.

Кездесу қортындысы бойынша тараптар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының биылғы 28 маусым - 2 шілде аралығында Бакуде болатын ХХІІІ жыл сайынғы сессиясы қарсаңында өзара іс-қимылды үдетуге уағдаласты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны