27.12.2012, 15:53 3293

Сенаторлар Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім туралы заң жобасын қабылдады

Қазақстан тарапы Түркия тарапына 49 жыл мерзімге Ақтау қаласында алаңы 7000 шаршы метр және Алматы қаласында алаңы 1500-2000 шаршы метр екі жер учаскесін береді.

Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Парламент Сенатының депутаттары "1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Анталия аймағы Кемер болысында орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш хаттаманың мақсаты ҚР мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту болып табылады. Хаттама Қазақстанға пайдалануға берілген, Түркияның Анталия аймағы Кемер болысы Бельдиби ауылының аумағында орналасқан жер учаскесін 44 370 шаршы метрден 67 256 шаршы метрге дейін ұлғайтуды көздейді. Қазақстанның пайдалануына берілген бұл жер учаскесі алаңының 22 302 шаршы метр бөлігі рекреациялық және сауықтыру мақсаттарында ғана пайдаланатын болады.

Қазақстан тарапы Түркия тарапына 49 жыл мерзімге Ақтау қаласында алаңы 7000 шаршы метр және Алматы қаласында алаңы 1500-2000 шаршы метр екі жер учаскесін береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны