22.05.2008, 15:03 2888

Сенаторлар құрылыс компаниялары банкроттыққа ұшыраған жағдайда үлескерлерді басым санаттағылар қатарына енгізуді ұсынып отыр

Сенаторлар құрылыс компаниялары банкроттыққа ұшыраған жағдайда үлескерлерді басым санаттағылар қатарына енгізуді ұсынып отыр

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Парламенттің сенат депутаттары үкіметке құрылыс компаниялары ң банкроттықа ұшыраған кезде ең бірінші кезекте құрылыста үлесі бар қатысушы азаматтардың талаптарын қанағаттандыру үшін заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үлестік құрылыс қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалардың талаптарын бірінші кезекте қанағаттандыруды қарастыратын өзгертуді "Банкроттық туралы" заңының 75-бабына және Азаматтық кодекстің 51-бабына енгізуді ұсынамыз ", - деді бүгін сенаттың жалпы отырысында премьер- министрге депутаттар атынан жіберілген сауалды оқыған сенатор Фарит Ғалымов.

"Мемлекеттік тұрғын-үй құрылыс бағдарламасы аясында тұрғызылған үйлерді жергілікті атқару органдары тарапынан ҚР азаматтарына сату ережелеріне құрылысшы компанияның банкроттыққа ұшырауы салдарынан баспанаға қолы жетпеген үлескерлерді тұрғын-үйге ие болуға басым құқығы бар тұлғалар санатына енгізуді ұсынамыз ", - деп толықтырды ол.

Сенаторлардың пікірінше, Қазақстан азаматтары болып отырған жеке тұлғалар-үлескерлердің талаптарын бесіншіден бірінші кезекке ауыстыруы, ең біріншіден "баспанадан айырылуы денсаулыққа келтірілген зиянмен тең" болып отыр.

"Бұл қаржысы таусылған құрылысшылардың үстінен оларды банкрот болып тану жөніндегі шағымдарды сотқа түсіруден бұрын, банктерді баспана нысандарын аяқтауға қажетті қаржыны іздестіруге талпындырады. Бұл сондай-ақ, үлескерлер құйған қаржының бір бөлігін қайтарып алуға кепіл болып, қайтарылған қаржы баспанаға деген сұранысты қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін ", - деп түсіндірді Ф. Ғалымов.

"Бұл шаралар үлестік құрылыс дағдарысы салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді жұмсартады деген сенімдеміз", - деп қорытындылады сенатор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны