12.12.2012, 11:31 2920

Сенаторлар лаңкестікке қарсы әрекет туралы заңға енгізілетін өзгерістерді талқылады

Бүгін ҚР Сенатының халықаралық қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде "ҚР-ның лаңкестікке қарсы әрекет мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын қарастырды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Сенаторлар лаңкестікке қарсы әрекет туралы заңға енгізілетін өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Сенатының халықаралық қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде "ҚР-ның лаңкестікке қарсы әрекет мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын қарастырды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Аталмыш заң жобасы лаңкестікке қарсы әрекет саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған. Заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар лаңкестікке қарсы әрекет бойынша алдын ала жұмыстарды күшейтуді, аталмыш мәселеге барлық тиісті мемлекеттік органдарды, қоғамдық институттар мен халықты жұмылдыруды қарастырады.

Заң жобасы Қылмыстық, Қылмыстық-атқарушы және Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстер және 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Құжат Сенат қарауына жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны