28.04.2014, 20:24 4340

Сенаторлар ОҚО-ның Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

Жалпы, Орталық ашылғалы бері 35 364 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. 31,8 млрд. теңге сомасына 2194 жоба қаржыландырылды. Рұқсатнама құжаттарын рәсімдеу бойынша 2 мыңңан астам бизнесмен қолдау алса, бастауыш кәсіпкерлерге Орталық мамандары 605 бизнес-жоспарды тегін дайындап берді.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Парламенті Сенаты "Өңір" Депутаттық тобы Оңтүстік Қазақстан облысына іссапармен келді.

Ең алдымен, депутаттар ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан хабарлады.

Жалпы, Орталық ашылғалы бері 35 364 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. 31,8 млрд. теңге сомасына 2194 жоба қаржыландырылды. Рұқсатнама құжаттарын рәсімдеу бойынша 2 мыңңан астам бизнесмен қолдау алса, бастауыш кәсіпкерлерге Орталық мамандары 605 бизнес-жоспарды тегін дайындап берді.

Іс-сапар аясында депутаттар ОҚО инвестициялық жобалар көрмесіне барды. Астаналық қонақтар көрмедегі "Шымкент" ИКК-нің тартылып жатқан инвестиция көлемі 70 млн.

АҚШ долларын құрайтын ең ірі жобаларының бірі - "Жылыжай жұмағы" агро-индустриалдық аймағы жобасымен танысты. Болашақта жылыжай кешенінің жалпы өнімділік қуаты 15 мың тоннадан астам жоғары сапалы өнімді құрайды деп күтілуде. Ол өз кезегінде импортты алмастыруды қолдауға серпін беріп, көкөніс аз болатын кезеңдерде Өзбекстан мен Қытай елдерінен тасымалданатын өнімге деген тәуелділікті төмендететін болады. Ал нәтижесінде 1200 адам жұмыспен қамтылады.

Іс-шара барысында "Шымкент инновация" ұсынған инновациялық жобалар қатарында: "FLAMOFF Ind" - Flamoff өртсөндіргіштерінің жаңа "ұрпағының" өндірісі, қуаттылығы 100 МВт күн электр стансасының құрылысы, "Soil Grip" ЖШС - Soil Grip топырағының сұйық химиялық тұрақтандырғышының өндірісі, "WaterLab KZ" ЖШС - жер асты және ағынды суларды тазалауға арналған аса тиімді мембраналық қондырғыларының өндірісі бойынша және т.б. жобалар болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны