25.04.2014, 19:29 18725

Сенаторлар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кезекті отырысында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заң қабылданды.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кезекті отырысында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заң қабылданды.

Палата "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңды да қабылдады. Құжат "Мемлекет басшысының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген болатын, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл заң жобасын қарау барысында сенаторлар Үкіметке заң жобаларын мейлінше сапалы әзірлеу қажеттігіне және көрсетілген ережелерді түсіндіруде екіұдайлыққа жол беруге болмайтынын атап көрсетті. Осыған байланысты Сенат Төрағасы әділет министрлігіне заң жобаларын әзірлеуде мониторинг және үйлестіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заң екі оқылымда қаралып, қабылдады. Құжатпен 79 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Бұл құжаттың негізгі ережелері рұқсат беру құжаттарының санын қысқарту, рұқсат беру құжаттарын беру рәсіміне ұсынылатын талаптарды нақты регламенттеу, бизнесті жүргізуге кедергілерді жою, рұқсат беру және хабарлама жасау рәсімдерін жүзеге асыруды автоматтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу арқылы рұқсат ету жүйесін реформалауға бағытталған.

Палата сондай-ақ "Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы" заңды да қабылдады. Келісімді Қазақстан Республикасы 2005 жылғы желтоқсанда ратификацияланған болатын. Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы ЕурАзЭҚ-ның бірыңғай кеден аумағына қосылған кезден бастап күшіне енетін жекелеген баптарды қоспағанда, Келісім 2007 жылғы желтоқсанда күшіне енді. Аталған баптарда, олар күшіне енген жағдайда, ЕурАзЭҚ-ға мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан) аумағы бойынша экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың еркін тасымалдануы көзделеді. Экспорттық бақылауға жататын өнім жаппай қырып-жоятын қару, жай қару-жарақ жасау үшін ықтимал пайдалану, сондай-ақ тікелей террористік әрекет үшін пайдалану тұрғысынан қауіп төндіреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны