25.02.2016, 16:45 3964

Сенаторлар үлескерлер құқықтарын қорғауға бағытталған заӊ жобаларын талқылады

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заӊ жобасы қаралды, деп Сенаттыӊ баспасөз-қызметі хабарлайды

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заӊ жобасы қаралды, деп Сенаттыӊ баспасөз-қызметі хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊ жобасы үлескерлердіӊ құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі заӊнаманы одан әрі жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысушылардыӊ қарым-қатынастарын реттеу үшін құқықтық алаӊ құру мақсаттарында әзірленді. Атап айтқанда, заӊ жобасымен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды мынадай тәсілдермен ұйымдастыру көзделеді: тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорыныӊ кепілдігін алу; жобаға екінші деӊгейдегі банктіӊ қатысуы; үлескерлердіӊ ақшасын тұрғын ғимараттыӊ қаӊқасы тұрғызылғаннан кейін тарту. Бұл ретте тұрғын ғимаратты салу үшін заӊ жобасында көзделмеген өзге тәсілдермен үлескерлердіӊ ақшасын тартуға тыйым салынады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Үлестік тұрғын үй құрылысыныӊ тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Үкіметтіӊ, уәкілетті органныӊ және жергілікті атқарушы органдардыӊ құзыреттері бекітіледі. Сондай-ақ үлескерлердіӊ құқықтары мен міндеттері, тараптардыӊ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша міндеттемелері мен жауапкершіліктерін орындауы регламенттеледі.

Сенат комитеттерінде заӊ жобасын талқылау барысында уәкілетті компания тарапынан негізсіз демпинг жасау мүмкіндігін жою үшін шаршы метрдіӊ еӊ төменгі бағасын қарастыру ұсынылды. Сонымен қатар үлескерлердіӊ құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында уәкілетті компанияныӊ міндеттемелері бойынша құрылыс салушыныӊ субсидиарлық жауапкершілігі ұсынылды.

Комитет отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Жоба еліміздіӊ заӊнамасын "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заӊ жобасыныӊ ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленген болатын.

Заӊ жобасында 8 заӊнамалық актіге, оныӊ ішінде Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім), Бюджет кодексіне, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Жарнама туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы", "Оӊалту және банкроттық туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заӊдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейеді. Түзетулер үлескерлердіӊ, құрылыс салушылардыӊ және уәкілетті компанияныӊ заӊды мүдделерін тиімді қорғау мен іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған

Отырыста "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы да қаралды.

Заӊ жобасыныӊ мақсаты мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заӊнаманы жетілдіру, атап айтқанда ұғымдық ақпаратты жетілдіру, заӊнама деӊгейінде мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудыӊ негіздерін біріздендіру болып табылады. Заӊ жобасы аясында жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін реттейтін салалық заӊнамалық актілерге бірқатар түзетулер енгізуді көздеу болжанады. Жобаны талқылау барысында "Өсімдіктерді қорғау туралы", "Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік шекарасы туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заӊдарға түзетулер енгізу туралы ұсыныстар қаралды. Одан басқа, басқа да түзетулер, оныӊ ішінде редакциялық сипаттағы және заӊ техникасына сәйкестікке келтіруге байланысты түзетулер енгізілді.

Заӊ жобалары палатаныӊ қарауына жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны