18.01.2012, 15:36 3489

Сенатта бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Заң жобасы оңалту рәсімін қолдану бөлігінде банкроттық жүйені жетілдіру мақсатында әзірленді. Осыған байланысты заң жобасымен Қазақстанның үш кодексіне және алты заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Астана. 18-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, заң жобасы оңалту рәсімін қолдану бөлігінде банкроттық жүйені жетілдіру мақсатында әзірленді. Осыған байланысты заң жобасымен Қазақстанның үш кодексіне және алты заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Мәселен, ҚР Азаматтық кодексіне төлемге қабілетсіз борышкерге оның төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған жеделдетілген оңалту түріндегі шаралар қолдану бөлігінде; ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне соттың оңалту және жеделдетілген оңалту туралы істерді ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау бөлігінде түзетулер енгізіледі.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексіне) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті өтеу жөніндегі талаптарды кредиторлар талаптарының тізіміне енгізу жөніндегі келіспеушіліктерді жоюға бағытталған нақтылаушы түзету енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны