20.01.2009, 16:26 3091

Сенатта кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы конвенцияны және оған қосымша хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобасы талқыланды

Сенатта кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы конвенцияны және оған қосымша хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобасы талқыланды

Астана. 20 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде "Шектен тыс зиян келтіреді немесе таңдамай әрекет етеді деп саналуы мүмкін кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы конвенцияны және оған хаттамаларды: Анықталмайтын жарықшақтар туралы хаттаманы (І хаттама), Өртегіш қаруды қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы хаттаманы (ІІІ хаттама) және Көзді соқыр ететін лазерлік қару туралы хаттаманы (ІY хаттама) ратификациялау туралы" заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конвенция мен оларға хаттамалардың мақсаты кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тиым салу және шектеу саласын кеңейту болып табылады.

Бұл конвенцияның негізіне халықаралық гуманитарлық құқықтық екі ереже алынып отыр: таңдамай әрекет ететін қаруды қолдануға тиым салынады және артық бейнет тартқызатын және әсіре бүлдіргіш қаруды қолдануға тиым салынады.

Осыған байланысты бұл құжат қарулы қақтығыста халықаралық құқық қағидаларына сәйкес әзірленгені аталып өтілді, ондағы тараптардың құқығы бойынша соғысты жүргізу әдістері мен құралдарын таңдауға шек қойылмайды.

Конвенция, сондай-ақ, бейбіт халыққа артық бейнет тартқызатын, әсіре бүлдіргіш және табиғи ортаға елеулі зиян әкелетін қаруға, снаряд пен заттарға және соғыс жүргізу әдістеріне тыйым салатын ережені бекітті.

Осы құжаттың 4 бабындағы 5 тармағына сәйкес бірге ұсынылған барлық хаттамалар оның бөлінбес бөлігі болып табылады.

Еске сала кетейік, 1980 жылғы 10 қазанда Женевада қол қойылған конвенцияға әлемнің 102 мемлекеті қатысып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны