13.09.2016, 13:30 3162

Сенатта "ҚР Үкiметi мен Ауғанстан үкiметi арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" заӊ жобасы талқыланды

Сенатта "ҚР Үкiметi мен Ауғанстан үкiметi арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" заӊ жобасы талқыланды

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары ҚР Парламенті жоғарғы палатасыныӊ жалпы отырысында азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Ауғанстан үкіметтері арасындағы келісімі талқылады. Жаӊа келісімді визасыз режимде енгізу қарастырылған.

"ҚР Үкiметi мен Ауғанстан үкiметi арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" заӊ жобасы Сенаттыӊ жалпы отырысына шығарылатын болды.

"Бұл келiсiмдi iске асыру екi елдiӊ бiрiнде төтенше жағдай қалыптасқан жағдайда бiрлескен iс-қимылды үйлесiмдi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Келiсiмдi ратификациялау төтенше жағдайларды болжау және бақылау саласында, қауiп туындаған кезде халықты дайындау, азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды оқыту және қайта даярлау бойынша тәжiрибе алмасуды көздейдi. Сондай-ақ, екi елдiӊ бiрiнде төтенше жағдай болса, оныӊ зардабын жоюға қысқа мерзiмде көмек көрсетiлетiн болады", - деп баяндады ҚР Iшкi iстер министрiнiӊ орынбасары Берік Бейсенқұлов.

Алайда, депутаттық корпусқа Қазақстан қаржылық және құқықтық тарапынан шегінуі көптеген сұрақты тудырды.

"Мен сіздердіӊ алаӊдаушылықтарыӊызды түсінемін, алайда ол нақты жағдайға байланысты, нақты ТЖ кезіндегі жұмыстарға келетін болады және еліміздіӊ аумағында нақты тапсырмалары аяқталғанға дейін болады",-деді Берік Бейсенқұлов.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ өкілі сөз барысында әскери және қарулы қақтығыстар заӊды келісімге түспейтіндігін айтып өтті. Ал экономикалық салада, ауғанстанныӊ қаржылық жағдайын ескергенде, Қазақстан тәуекелге барды.

"Ұсынылып отырған тараптыӊ барлық шығыстарын, өтемақыны төлеу бойынша барлық шығындарды сұраныс берген тарап өз мойнына алады. Шығынныӊ барлық көлемі қазақстандық стандарттарға сәйкес анықталады. Егер Қазақстандық тараптан көмек көрсету бойынша топтыӊ мүшесі үшінші тұлғаға зақым жасаса, онда ауғандық тарап төлейтін болады",-деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан жүйелі түрде 2008 жылдан бастап Ауғанстанға көмек көрсетуде. Осы уақыт ішінде көрсетілген көмек көлемі 20 млн долларға жетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны