13.06.2014, 21:41 3562

Сенатта Мәдениетті дамыту тұжырымдамасының жобасы таныстырылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы дөңгелек үстел барысында ҚР мәдени саясат тұжырымдамасын дайындау мен оны заңнамалық қамтамасыз ету шаралары туралы айтты.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы дөңгелек үстел барысында ҚР мәдени саясат тұжырымдамасын дайындау мен оны заңнамалық қамтамасыз ету шаралары туралы айтты.

"Қазақстандағы мәдени даму тұжырымдамасы еліміздегі бәсекеге қабілетті мәдени ділді құруға бағытталған. Бірінші кезекте біз мәдениеттің тек қана сауық пен көңіл көтеру деген түсініктен арылып, оның рухани өрлеу мен идеологиялық қоғамдағы рөліне көбірек басымлыдық беруіміз қажет", - дейді министр.

Сонымен қатар, тұжырымдама жобасы заманауи мәдени кластерлерді дамыту, жаһандық әлемде отандық мәдениеттің ерекшеліктері мен құндылықтарынан тұратын халықтың мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған.

Құжаттың мақсаты көрнекті шығармашылық образдарды құру, жалпықазақстандық мәдениетке деген жаңа көзқарас қалыптастыру, елдің мәдени көпбағыттылығын сақтау, ақпараттық-коммуникациялық қолдау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту, мәдени орта бірлігін ұстап тұру болып табылады.

Тұжырымдама үш басты кезеңнен тұрады: бірінші кезек - 2015-2019 жылдарды, екінші кезек - 2020-2030 жылдарды, үшіншісі - 2030-2050 жылдарға арналған.

"Бірінші кезең негізгі кіріспе мерзімі болып табылады. Жаңа құқықтық шараларды құру мен нығайтуға бейімдеу бойынша нақты қадамдарды қолға алу, сонымен қатар саланы дамыту бойынша институцияналды механизмдер құру. Олардың көпшілігі 2015-2019 жылдары қолға алынбақ", - дейді министр.

Министрдің айтуынша, биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тұжырымдаманы қабылдау туралы Қаулы жобасы Президент әкімшілігіне ұсынылады. Оны дайындауға мәдениеттанушылар, өнертанушылар, тарихшылар, әлеуметтанушылар мен археологтар қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны