05.06.2015, 09:00 4340

Сербияда Қазақстан өкілдігі ашылды

Аталған сапардыӊ басты оқиғасы Қазақстан Республкасыныӊ Мажарстандағы Елшілігініӊ Белградта тұрақты орналасуымен бөлімшесініӊ салтанатты ашылуы, сондай-ақ Сербия Республикасындағы Қазақстанныӊ Құрметті консулы Миланка Каричтіӊ ресми ұлықтау рәсімі болды. Осы тарихи сәттен Қазақстан Республикасыныӊ Сербия Республикасында дипломатиялық қатысуы басталады

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылы 3-5 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Алексей Волков Сербия Республикасына жұмыс сапарымен барды. А. Волков Белградта Сербия Президенті Томислав Николичпен, Сербия Премьер-министрдіӊ бірінші орынбасары - Сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ төрағасы Ивица Дачичпен, Сербия Премьер-министрдіӊ орынбасары - Сауда, туризм және телекоммуникация министрі Расим Ляичпен, Сербия Иділет министрі Никола Селаковичпен және Серб православ шіркеуініӊ Патриархы Иринеймен кездесті. Екі елдіӊ сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар барысында екі жақты ынтымақтастықтыӊ және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған сапардыӊ басты оқиғасы Қазақстан Республкасыныӊ Мажарстандағы Елшілігініӊ Белградта тұрақты орналасуымен бөлімшесініӊ салтанатты ашылуы, сондай-ақ Сербия Республикасындағы Қазақстанныӊ Құрметті консулы Миланка Каричтіӊ ресми ұлықтау рәсімі болды. Осы тарихи сәттен Қазақстан Республикасыныӊ Сербия Республикасында дипломатиялық қатысуы басталады, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Ашылу салтанатына Сербия мемлекет басшысы, Парламент мүшелері, ғылыми зиялы қауым, саяси истэблишмент, дипломатиялық корпус, ірі кәсіпкерлер және қазақ диаспорасыныӊ өкілдері қатысты. Іс-шара барысында серб тіліндегі "Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" кітабініӊ тұсаукесері өтті. Іс-шараға қатысқандар ҚР Тұӊғыш Президентініӊ саяси өмірбаянымен, оныӊ Қазақстанныӊ нығаюы мен дамуына қосқан үлесімен, еліміздіӊ халықаралық аренадағы жетістіктерімен таныстырылды.

И. Дачич өз кезегінде Сербия саяси және іскерлік топтарында Қазақстан туралы қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде тұрақты оӊ көзқарастыӊ қалыптасқанын айтып, еліміз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ басшылығымен төзімділік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты ілгерілету салаларында Орталық Азия өӊірінде үлгілі елге айналғанын атап өтті. Ол тағдыршешті кезеӊде ел басшылығына келген Н. Назарбаевтыӊ тарихи шешімдерімен белгіленген Қазақстанныӊ жетістіктерін жоғары бағалады. Қазақстанныӊ ЕҚЫҰ мен ИКҰ ұйымдарында сәтті төрағалығы, "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ Астанада өткізілуі халықаралық қауымдастықта еліміздіӊ және Президентіміздіӊ жеке беделініӊ артуын дәлелдейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны