24.05.2013, 17:23 3290

Серік Ахметов АЭФ қатысушыларымен бірқатар екіжақты келіссөздер өткізді

Ирак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Руиз Нури Шауиспен кездесуі кезінде сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, атап айтқанда, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық сферасы, білім беру салалары бойынша мәселелерге баса көңіл бөлінді.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов VI-шы Астана экономикалық форумына қатысушылармен бірқатар екіжақты келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ирак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Руиз Нури Шауиспен кездесуі кезінде сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, атап айтқанда, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық сферасы, білім беру салалары бойынша мәселелерге баса көңіл бөлінді.

"Қазақстан мен Иракта екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру үшін үлкен әлеует бар" деген С.Ахметов ынтымақтастықты дамыту мақсатында үкіметаралық комиссия құруды ұсынды.

Р.Шауис, өз кезегінде Ирак жағының сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді. "Біздің еліміз Қазақстанмен іскерлік байланыстарды тереңдете түсуге ниетті, және өзара тиімді әріптестікті арттыру бағытындағы курсты жалғастыруды көздейді", - деді Ирак Премьер-Министрінің орынбасары.

Экономикалық саладағы екіжақты әріптестіктің перспективалары, бірлескен инвестициялық жобалардың орындалу барысы Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Вильгельм Мольтерермен кездесуінде әңгіме арқауына айналды.

Францияның сыртқы сауда министрі Николь Брикпен болған әңгіменің басты тақырыбы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі жандандыра түсу мәселелері болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны