14.03.2012, 14:11 3613

Серік Ахметов ауыл кәсіпкерлігімен танысты

Бірінші вице-премьер С.Ахметов Жамбыл ауданының Бектөбе ауылындағы "Амангелді" өндірістік кооперативінің шағын жылыжайлар кешенінде болды. Бұл кешен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қаражатына салынған.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Серік Ахметов ауыл кәсіпкерлігімен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бірінші вице-премьер С.Ахметов Жамбыл ауданының Бектөбе ауылындағы "Амангелді" өндірістік кооперативінің шағын жылыжайлар кешенінде болды. Бұл кешен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қаражатына салынған.

Бүгінгі таңда 104 шағын жылыжай іске қосылып отыр. Жылыжайдың жалпы ауданы 5,2 га құрайды. Жыл сайын 1000 тоннадан астам көкөніс жиналады. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын жүзеге асырудың аясында кешенге барлық коммуникация (жол, электр желісі, газ) тартылған.

"Біз үшінші маусым жұмыс істеудеміз. Жылына 2 рет өнім аламыз. Көкөніс өткізуде проблема жоқ, өткен қыста өнімдерімізді Алматыға жеткіздік, Астанаға да шығарып көрдік. Көкөністеріміз үлкен сұранысқа ие. Кешенде 110 адам еңбек етіп жатыр, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмысқа ие болып отыр",- деді журналистерге "Амангелді" өндірістік кооперативінің төрағасы Қасымхан Қанаев.

Сапар барысында С.Ахметов сондай-ақ "Сыбаға" бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны