17.07.2026, 09:36 10806

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды
Сурет: Ақорда
Президент Серік Шәпкеновті Атырау облысының әкімі қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды»,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Серік Шәпкенов 1979 жылғы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын жоғары оқу орнында оқытушы болып бастап, кейіннен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылымдарында қызмет атқарған.

2015–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды. 2016–2018 жылдары Атырау қаласының әкімі қызметін атқарып, қаланың ең жас әкімі атанған болатын. Кейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды қызмет атқарды. 2020–2021 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, 2021–2022 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарды.

2022 жылғы сәуірден бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны