17.06.2009, 15:53 2510

Серік Тұржановқа бюджет қаржысын ұрлауға жәрдемдесті деген ресми айып тағылды

Серік Тұржановқа бюджет қаржысын ұрлауға жәрдемдесті деген ресми айып тағылды

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Серік Тұржановқа бюджет қаржысын ұрлауға жәрдемдесті деген ресми айып тағылды. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Үстіміздегі жылы Ұлттық халық санағын өткізуге мемлекеттен бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салуға қатысы бар деген күдікті, "Киік фирмасы" ЖШС-ның құрылтайшысы Серік Тұржановқа маусымның 12-де ресми айып тағылды",- деді М.Жұманбай.

"Прокуратура айыпты қуаттады, сот оны қамауға алу жөнінде санкция берді",- деді ол.

М.Жұманбай осы орайда "қызмет бабын пайдаланыып 764 млн 800 мың теңге бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айып Статистика агенттігі төрағасының орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаевқа тағылды. Олардың екеуі де қамауға алынды. "Фирма КИІК" ЖШС бас директоры Александр Нисанов қамауға алынды. Оған аталған бюджет қаражатын ұрлауға ықпал етті деген айып тағылды".

"Кейбір БАҚ-да айыпталушы Тұржановқа тағылған айыптың заңсыздығы жайлы пікір беріліп жүр. Бұл теріс деп есептейміз. Себебі, олар тергеумен анықталған дәлелді істі бұрмалауда. Тұржановтың айыпты немесе айыпты еместігін сот шешеді", - деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны