19.01.2017, 18:26 7739

Серік Жұманғарин Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Бұл тағайындауға дейін Серік Жұманғарин екі жылдан астам Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетті басқарды.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жаӊа вице-министр Серік Жұманғаринді таныстырды,- деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Бұл тағайындауға дейін Серік Жұманғарин екі жылдан астам Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетті басқарды.

Ведомство басшысы Жұманғаринді тағайындалуымен құттықтап, оныӊ жинаған тәжірибесін жаӊа лауазымдағы жұмысында тиімді қолданатынына сенім білдірді.

Жұманғарин әр жылдарда Экономикалық даму және сауда министрлігі Өӊірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директоры болып жұмыс істеді, Өӊірлік даму комитеті төрағасы лауазымын атқарды, республиканыӊ Өӊірлік даму министрініӊ орынбасары болды.

Айдар Иріпханов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды. Ведомство басшысы Үкімет атынан Иріпхановқа жұмысы үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы үлесін жоғары бағалай отырып, алғыс айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны