21.07.2014, 20:22 2758

Сервистік қызмет орталығы атыраулық кәсіпкерлерге тегін кеңес береді

"Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Атырауда бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналған Сервистік қызмет орталығы өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Атырауда бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналған Сервистік қызмет орталығы өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Мұнда келген әрбір кәсіпкер қажетті ақыл-кеңесіне қол жеткізе алады. Берілетін көмек толықтай тегін.

Өңірлік даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту комитеті, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры мен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге сай, Сервистік қолдау бағдарламасы биылдан бастап іске асырыла бастады.

Биыл ҰКП "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының 7 бағыты бойынша сервистік қолдау көрсету құқығы байқауының нәтижесінде "Облыстың кәсіпкерлер және жұмыс берушілер кеңесі" ҚҚ мен "Консул" консалтингтік компаниясы" ЖШС жеңіске жтті. Аталмыш компаниялар "Даму" кәсіпкрлікті қолдау қорының қызмет көрсету орталықтарының ғимаратында "бір терезе" қағидасымен қызмет көрсетеді. Сонымен қатар сервистік компания кеңселерінде жеке кеңес беру түрінде де қызмет етеді.

"Қазіргі таңда Атырау облысында ең көп сұранысқа ие қызмет түрлі заңгерлік кеңестер. Одан кейін сұраныс көрсеткіші бойынша екінші орында маркетинг саласының қызметтері. Соның ішінде негізінен нарықты зерттеу мен бизнес жоспар құру жағы көп сұранысқа ие. Содан кейін ретімен ақпараттық технологиялар, кедендік мәселелер, салықтық және бухгелтерлік есеп енгізу, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуға қатысты қызметтер", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны