16.08.2026, 10:50 24051

"Шәмші Қалдаяқов" медалі Қазақстанның мемлекеттік наградалары тізіміне енгізілді

"Шәмші Қалдаяқов" медалі Қазақстанның мемлекеттік наградалары тізіміне енгізілді
Сурет: gov.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Бұл шешім ұлттық мәдениетті жан-жақты қолдау мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілген жаңа Конституцияның ережелеріне байланысты қабылданды.

Естеріңізге сала кетсек, шілде айында Түркістанда көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған "Шәмші әндері" өнер фестивалі өткен болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны