19.06.2024, 12:26 31956

ШҚО-да "Сергек" қондырғысын орнату үшін заңсыз төленген 238 млн теңге мемлекетке қайтарылды

ШҚО-да "Сергек" қондырғысын орнату үшін заңсыз төленген 238 млн теңге мемлекетке қайтарылды
ШҚО-да "Сергек" қондырғысын орнату үшін заңсыз төленген 238 млн теңге мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен. "Сергек" жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында аталған жоба аясында мемлекет "Көркем-Телеком" ЖШС-мен 7 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқаны анықталды. "Сергек" бағдарламасының әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының азаюына тигізетін оң әсерін ескеріп, тексеру барысында мемлекеттік қаражатты заңсыз төлеу фактілері анықталды, соның салдарынан жобаның құны негізсіз 238 млн теңгеге өскен. Прокуратураның енгізілген қадағалау актісі негізінде ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Басқармасы негізсіз төленген шығындарды өндіру туралы талап-арыз берді. Сот шешімімен талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылып, апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот актісін күшінде қалдырды. Сот шешіміне сәйкес, "Көркем-Телеком" ЖШС 238 млн теңге мемлекет кірісіне қайтарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны