25.06.2013, 16:47 2835

Шамамен мың адам элиталық "А" корпусының резервіне қойылды

Астанада Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімовтің басшылығымен Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Шамамен мың адам элиталық "А" корпусының резервіне қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімовтің басшылығымен Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.

Отырыс барысында мемлекеттік қызметтің "А" корпусының кадрлық резервін құру жұмысы қорытылды, делінген онда.

4 -21 маусым аралығында комиссияның 14 отырысы өтті, онда тестіден өткен 1121 үміткердің әрқайсысымен әңгіме өткізілді. Соның нәтижесінде комиссия "А" корпусының кадрлық резервіне 940 кандидатты енгізуді ұсынды.

Жалпы алғанда іріктеуге қатысуға 2024 адамнан өтініш түскен.

Кадрлық резервтің құрамын президент мақұлдады, ол мемлекеттік істер жөніндегі мемлекеттік агенттіктің интернет-ресурсында жария етілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны