30.10.2008, 18:30 2970

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер қазіргі дағдарысты еңсеру үшін шаралардың бірлескен жүйесін әзірлеуі қажет - Назарбаев

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер қазіргі дағдарысты еңсеру үшін шаралардың бірлескен жүйесін әзірлеуі қажет. Бүгін Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді."Дағдарысты құбылыстарды еңсеру бойынша және одан ең төменгі шығындармен өту үшін біздің елдерге шаралардың бірлескен жүйесін әзірлеу қажет", деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер қазіргі дағдарысты еңсеру үшін шаралардың бірлескен жүйесін әзірлеуі қажет. Бүгін Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Дағдарысты құбылыстарды еңсеру бойынша және одан ең төменгі шығындармен өту үшін біздің елдерге шаралардың бірлескен жүйесін әзірлеу қажет", деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"ШЫҰ қуатты қаржылық-экономикалық бірлестік болу үшін ұйымға мүше елдер барлық қажетті тетіктерге ие. Мұндай түсінік сіздердің бүгінгі кездесулеріңізде де болғандығына сенімдімін", деп нақтылады сөзін мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны