23.04.2015, 13:28 4085

Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері Қарулы Күштерініӊ арнайы мақсаттағы бөлімшелері таулы аймақтарда бірлесіп жаттығуөткізді

Қырғыз Республикасы Шу облысына қарасты "Шамси" шатқалында ШЫҰ қатысушы-елдер күштерініӊ арнайы операциялар бөлімшелері жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындаудыӊ әзірлік кезеӊін өткізді

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғыз Республикасы Шу облысына қарасты "Шамси" шатқалында ШЫҰ қатысушы-елдер күштерініӊ арнайы операциялар бөлімшелері жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындаудыӊ әзірлік кезеӊін өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаттығуға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердіӊ жүзден аса әскери қызметшісі және саны 30 бірлікті құрайтын арнайы әскери техника қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Арнайы мақсаттағы топтар құрамы биік және құзды шатқалдардағы даярлықтан өтті. Жаттығу барысында олар биік тауларға арналған жабдықтардыӊ жаӊа үлгілерімен танысып, биікке арналған жабдықтардыӊ көмегімен іс жүзінде тікұшақтан ғимаратқа кіру кезінде ұрыс жүргізу әдістемесін бекітті.

Сонымен қатар оқу-жаттығу орталығыныӊ шут-хаусында арнайы мақсаттағы "Шаян" бригадасыныӊ әскери қызметшілері арнайы мақсаттағы топтарды жылжыту тәртібі, жаралыларды алып шығу, алғашқы көмек көрсету және бекітулі кеӊістікте ұрыс жүргізуге жаттықты. Штаттық және арнайы қарудан атыс, сондай-ақ пышақ лақтыру жұмыс күнініӊ қорытынды кезеӊі болды.

ШЫҰ мүше мемлекеттердіӊ Қарулы Күштері арасында осы бағыттағы жаттығулар тұӊғыш рет өткізілуде. Осы орайда Қазастаннан, Ресей Федерациясынан, Қырғыз Республикасынан, Қытай мен Тәжікстан Республикасынан бес ұлттық топ құрамында арнайы мақсаттағы жасақтар құрылады.

Алдағы уақытта қосалқы топтар ұрыс іс-қимылдарын енгізуге және таулы аймақтарда заӊсыз қарулы құралымдыжоюға даярлық бойынша іс-шараларды іс жүзінде орындауды пысықтайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны