21.05.2014, 22:37 3564

Шанхайда АӨСШК саммиті ашылды

Бүгін 21 мамырда Шанхайда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті өз жұмысын бастады.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін 21 мамырда Шанхайда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті өз жұмысын бастады.

Саммитке қатысушылар АӨСШК аясында сенім мен өзара қарым-қатынас, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.

Бұған дейін айтылғандай, саммитке 46 мемлекет пен халықаралық ұйымдардан, оның ішінде 12 мемлекет және үкімет басшысы, 10 халықаралық ұйымның басшысы қатысуда.

Атап айтқанда, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун және басқа да бірқатар кеңеске қатысушы мемлекет басшылары бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны