06.11.2017, 18:47 3953

Шарм эль-Шейх қаласында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы туралы айтылды

5 қараша күні Мысыр Араб Республикасыныӊ Шарм эль-Шейх қаласында бүкіләлемдік жастар форумыныӊ ашылуы өтті.

Астана. 6 қараша. Kazakhstan Today - 5 қараша күні Мысыр Араб Республикасыныӊ Шарм эль-Шейх қаласында бүкіләлемдік жастар форумыныӊ ашылуы өтті. Аталған форумныӊ жұмысына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ вице-министрі Абзал Нүкенов қатысты.

Форум аясында вице-министр Мысыр президенті Абдель Фаттах Ассисимен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттердіӊ жастар ісі, спорт, сыртқы істер, туризм министрлерімен кездесті. А. Нүкенов аталған форумға шақырғаны үшін Мысыр Президенті Абдель Фаттах Ас-Сисиге алғысын білдіріп, шараныӊ айрықша маӊызға ие екендігін атап өтті.

"Мәдениет және өркениеттер арасындағы айырмашылықтар: қақтығыс немесе интеграция?" тақырыбында өткен панельдік пікір алмасуда Абзал Нүкенов елімізде жүзеге асырылып жатқан "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ өзектілігіне тоқталды.

А.Нүкенов Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласыныӊ негізгі бағыттары туралы баяндап, Қазақстанныӊ этносаралық және конфессияаралық келісімді дамытуға қосқан тәжірибесін атап көрсетті.

"Жастарды тәрбиелеудіӊ басты бағыттарыныӊ бірі жастар туризмін дамыту болып табылады. Илемді, оныӊ тарихи жерлерін және ескерткіштерін тану арқылы жастар өз білімдерін байытады, көзқарастарын кеӊейтеді, жаӊа достар табады. "Студент жастардыӊ мәдени керуені" атты жыл сайынғы жастар жобасын жүзеге асыруды ұсынамыз. Ол мәдени жанасуды іске асырудыӊ үздік тетіктерініӊ бірі бола алады", - деп атап өтті А. Нүкенов.

Сондай-ақ, вице-министр аталған салада өзекті мәселелер бойынша тұрақты онлайн-кеӊестерді ұйымдастыру арқылы бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды.

Бүкіләлемдік жастар форумына Мысыр Араб Республикасыныӊ Президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси, Иордания елініӊ ханзадасы Хассан бин Талал және Ливан елініӊ Премьер-Министрі Саад Харири және т.б қонақтар қатысуда.

Бүкіләлемдік жастар форумыныӊ шеӊберінде "Жастардыӊ жаһандық мәселелері", "Тұрақты даму, технологиялар, кәсіпкерлік және гуманитарлық мәселелер", "Өркениеттер және мәдениет", "Болашақ көшбасшыларды қалыптастыру"тақырыптарында түрлі панельдік пікірталас алаӊдары ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны