06.05.2020, 18:26 10412

Шавкат Мирзиеев: "Бұл техногендік күтпеген апат тек біздің тұрғындарға ғана емес, сонымен бірге көрші қазақ бауырларымызға да үлкен зиян келтіргені өте ұятты болды"

Оның айтуынша, үкімет, тиісті министрліктер мен ведомстволар, жергілікті билік органдары, басқа да шенеуніктер мен сарапшылар өздерінің қазақстандық әріптестерімен бірге табиғи апаттардың салдарын жою үшін тығыз жұмыс істейтін болады.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Өзбекстан президенті Мақтааралдағы апат салдарын жоюға көмектесетінін айтты.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Сырдария облысындағы су қоймасы бөгетінің бұзылуынан су басқан Қазақстанның Түркістан облысындағы елді мекендерде апат салдарын жоюға қажетті көмек беруге дайын екенін білдірді.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 сәуірге қараған түні апат кезінде Бұхара мен Сырдария облыстарындағы 38 мыңнан астам үйге, 847 әлеуметтік нысан мен егістіктерге залал келген.

"Біз табиғи апаттың зардабын жою үшін барлық қажетті шараларды қолданудамыз. Үкіметтік комиссия тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін әлеуметтік нысандардың 70 пайызы және үйлердің 20 пайызының шатырлары жабылған. Сондай-ақ 5 000 шақырым электр желісі, 1100 трансформатор жөнделген. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін табиғи апат салдарынан 4 азаматымыз қайтыс болды, 1 адам хабар-ошарсыз кетті. Қаза болғандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деді Шавкат Мирзиеев.

Оның айтуынша, су қоймасында болған апатқа байланысты халықаралық сарапшыларды тарта отырып, барлық бөгеттерге терең сараптама жүргізілетін болады.

"Өкінішке қарай, Сардобадағы апат салдарынан көршілес Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді де су басты. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, бұл мәселені өзара түсіністікпен, ашық әрі кеңінен талқыладық. Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған делегация оқиға орнына барып, жағдайды жан-жақты зерттеді", - деді Өзбе"кстан президенті.

Оның айтуынша, үкімет, тиісті министрліктер мен ведомстволар, жергілікті билік органдары, басқа да шенеуніктер мен сарапшылар өздерінің қазақстандық әріптестерімен бірге табиғи апаттардың салдарын жою үшін тығыз жұмыс істейтін болады.

"Бұл техногендік күтпеген апат тек біздің тұрғындарға ғана емес, сонымен бірге көрші қазақ бауырларымызға да үлкен зиян келтіргені өте ұятты болды. Олардың мекендейтін жеріне және егістік алқаптарына зиян келтірілгеніне де өкінеміз. "Біз қазақстандық бауырларымызға табиғи апаттың салдарын жоюға қажетті көмек беруге дайын екенімізді білдірдік. Бүкіл халықпен бірге осы қиындықтарды да бірлесе еңсереміз деген сенімдемін", - деді Өзбекстан президенті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны