03.02.2014, 21:21 4012

Шекара академиясында жаңа ғимарат тапсырылды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының Кинология және ат дайындығы кафедрасының әкімшілік корпусы арнайы бағдарлама аясында (EXBS) күрделі жөндеуден өткізіліп, салтанатты жағдайда шекарашыларға тапсырылды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының Кинология және ат дайындығы кафедрасының әкімшілік корпусы арнайы бағдарлама аясында (EXBS) күрделі жөндеуден өткізіліп, салтанатты жағдайда шекарашыларға тапсырылды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс жұмыстары АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің "Экспорттық бақылау және шекараның қауіпсіздігі" бағдарламасы негізінде жүргізілді, барлық талаптарға жауап береді.

Ғимараттың ашылу салтанатына жоғарыда аталған бағдарламаның кеңесшісі Кирк Бредхам, "Артек Констракшн" ЖШС құрылыс компаниясының директоры Емрах Сейхун, менеджері Ерхан Ақсу және құрылыс жұмыстарының бастығы Серік Қарбаевтар қатысты.

Осы орайда аталған компанияның біздің елімізде жұмыс істеп келе жатқанына бір жыл ғана болғандығын, дегенмен бұған дейін олар өздерін Ауғанстан, Түркия және АҚШ секілді елдерде әскери нысандар салып, өздерін жақсы жағынан көрсеткендіктерін атап өту керек.

Кафедра құрылған кезде, яғни алғашқы жылдары оның оқу корпустары офицерлік-оқытушылық құрамның күшімен соғылды. Ирине, ол кездің жағдайы да басқа болатын. Бүгінгі таңда мұнда жұмыс істеуге қажетті барлық жағдай жасалған. Жөндеу жұмыстарының барлығы еуропалық талаптарға сай келеді. Өткен жылдың тамыз айында басталған жөндеу жұмыстары толық аяқталып, міне шекара сақшыларына арналған алғашқы оқу сабақтары да жүргізілгелі отыр.

- "Экспорттық бақылау және шекараның қауіпсіздігі" бағдарламасы (EXBS) 2000 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, ең бастысы жұмыстың сапалылығына біз кепілдік береміз, - дейді бағдарламаның кеңесшісі Кирк Бредхам.

Академия бастығының оқу істері жөніндегі орынбасары полковник Павел Поливанов пен кафедра меңгерушісі Еркін Оңбаев сөз кезегінде қонақтарға өз алғыстарын айтып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істей беретіндіктеріне сенімдерін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны