01.02.2017, 15:26 4818

Шекара арқылы 3 центнер балықты заӊсыз өткізуге тырысқан Ресей Федерациясыныӊ азаматы ұсталды

Шекаралық бақылау кезінде оныӊ ішіндегі салмағы 300 килограмм болатын балықтыӊ фитосанитарлық сертификаты болмай шықты.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы 3 центнер балықты заӊсыз өткізуге тырысқан 30 жастағы Ресей Федерациясыныӊ азаматы ұсталды,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Петропавл шекара отрядына қарасты "Қызылжар - авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды "Армизон (РФ) - Петропавл (ҚР)" бағытында кетіп бара жатқан "Опель" автокөлігін ұстауға мәжбүр болды. Шекаралық бақылау кезінде оныӊ ішіндегі салмағы 300 килограмм болатын балықтыӊ фитосанитарлық сертификаты болмай шықты.

Аталған жүк мемлекеттік шекарадан өткізілмеді. Өзара әрекеттес құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны