06.06.2012, 10:25 2781

Шекара заставасында қаза болғандардың саны әлі нақтылануда

"Барлық сараптамалар толық дайын емес әлі, біз белгілеген сот-медициналық сараптаманың нәтижесі.., сондықтан қаза болғандардың санын әлі толық білмейміз. 14-ші шекарашының мәйіті туралы бірқатар сұрақтар туындап жатыр, қазір бір нәрсені дөп басып айту қиын", - деді Қасымов.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысы "Арқанкерген" шекаралық заставасында қаза болған шекарашылардың саны әлі нақтылануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов мәлім етті.

"Барлық сараптамалар толық дайын емес әлі, біз белгілеген сот-медициналық сараптаманың нәтижесі.., сондықтан қаза болғандардың санын әлі толық білмейміз. 14-ші шекарашының мәйіті туралы бірқатар сұрақтар туындап жатыр, қазір бір нәрсені дөп басып айту қиын", - деді Қасымов.

Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі, 31 мамыр күні таңертең, қазақстандық БАҚ шекара заставасында әскери қызметкерлердің қаза болғанын хабарлаған еді. Сол күні шекара қызметінде 30 мамырда жанып кеткен шекара заставасында 13 адамның - 12 шекарашы мен бір қорықшының денесі табылғаны мәлім етілді. Жұма күні тағы екі адамның денесінің табылғаны белгілі болды. 15-ші шекарашы командирдің қаруымен тірі табылды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарының жетекшілерімен өткен жиналыс барысында болған оқиғаға террористік акті деген баға берді. Елбасы үкіметке қаза болған шекарашылардың отбасыларына қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берді. Бүгін Қазақстанда - ұлттық аза тұту күні.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны