04.12.2006, 09:52 2857

Шекаралық теңіз дивизиясы жаңа әскери кемеге ие болды

АҚТАУ.4 желтоқсан. Kazakhstan Today. Шекаралық теңіз дивизиясы Оралдағы "Зенит" зауытында шағарылған жаңа 2-ші рангтегі "Барыс" әскери кемесін алды,-жеп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Шекаралық кемені табыстау салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, әкімнің орынбасары Михаил Бортник, Ақтау қаласының әкімі Сәлімгерей Бақбергенов, ҚР ҰҚК аймақтық басқармасының шекаралық "Батыс қызметінің бастығы Елемес Жаңабергенов, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы АҚ еншілес кәсіпорыны Оралдық "Зенит" зауытының президенті Вячеслав Валиев және т.б қатысты.

Шекаралық теңіз дивизиясының командирі контр -адмирал Кенжемерген Ибікеевтің айтуынша, бұл Каспийдің бүкіл қазақстандық бөлігінде әскери кезекшілік жүргізетін басты "Сардар" шекаралық кемесі. Каспийде оған теңдес кеме жоқ. Кеме 20 күн бойы теңізде кезекшілік жасауға мүмкіндігі бар. Үздіксіз кезекшілікті осыған дейінгі кемелерде тек 1 апта ғана жүргізуге мүмкін болып келген. Кеме Оралдан Баутиноға, одан соң Ақтауға дейін теңізбен жеткізілді.

К. Ибікеевтің айтуынша, кемеде әскери кезекшілік жасайтын 20 адамнан тұратын команда мүшелері оқу орталығында бір ай бойы арнайы дайындықтан өткен. Енді зауыттықтар оларды кеменің механизімі және жаңа да күрделі техникаларымен таныстырмақ.

"Зенит" Орал зауыты" шекарашылар үшін осымен бірнеше мәрте теңіз кемелерінің сан түрін дайындаған болатын. Шекарашыларды зауыттың шығарған кемелері техникалық жақтан қанағаттандырып келеді. Сондай-ақ, олар Каспийдің табиғи жағдайына өте қолайлы келеді,-дейді К.Ибікеев.

"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ әскери өндіріс департаменті директоры Омархан Елемесовтың айтуынша, кеменің су ығыстырғыштық қабілеті 240 тоннаға жуық. Кеме 25-30 узел жылдамдықпен жүре алады. Ирі өзінің техникалық мүмкіндіктері жағынан өз тобына жататын шетелдік кемелерден әлдеқайда озық. Ол 1200 мильге дейін жүзе алады, дербес жүху қабілеті 10 тәулік, Ал теңізде жүргіштік қабілеті- 7 балл. "Сардардың" бортында суды тұщытатын қондырғы орнатылған. Сонымен қатар, "Сардардың" байқаушы топты жеткізуші және ұстау шарасын жүзеге асырушы жүрдек катері де бар. "Кеменің аталған барлық сипаттамалары мемлекеттік сынақ кезінде тексерілген", деді ол.

Елемесовтың айтуынша, зауыт 500 тонна су ығыстырғыштық қабілеті бар "Барыс" жобалы кемелер жасай алатын мүмкіндігі бар. Болашақта зауыт жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жететін күшті катерлер шығармақ жоспары бар. Бұл браконьерлерді аулауға жеңілдік болмақ.

"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ әскери-техникалық өнімдер шығарады. Олардың сапасы ең озық әлемдік үлгілерден ешбір қалыспайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны