05.02.2014, 21:16 10903

Шекаралық "Транзит" іс-шарасы барысында 720-дан астам шекара заңнамасын бұзушылар анықталды

Шекаралық "Транзит" іс-шарасы барысында 720-дан астам шекара заңнамасын бұзушыларды анықталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Шекаралық "Транзит" іс-шарасы барысында 720-дан астам шекара заңнамасын бұзушыларды анықталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

"Транзит" - біріккен шекаралық іс-шарасына қазақстандық шекарашылар белсенділікпен қатысуда.

Аталған іс-шара өткен жылдың 30 қазанында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкімі негізінде оңтүстік бағытта басталған болатын, оған ҰҚК, ІІМ, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, кедендік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері де қатысуда. Іс-шараның басты мақсаты - өз уақтысында мемлекеттік шекара, оның режимін, бақылау бекеттеріндегі режимін бұзушылықтарының жолын кесу болып табылады.

Іс-шара басталғалы бері шекара сақшылары 720-дан астам шекара заңнамасын бұзушыларды анықтады. Олардың 155-і Қазақстан Республикасының азаматтары болса, 40 шақтысы - Ресей Федерациясының, 90-нан астамы Өзбекстан, 370-тен астамы Қырғыз елінің, 23-і Түркия, 10-ы Тәжікстан, 5-еуі Изірбайжан, 3-еуі Қытай, 2 адамнан Австралия, Германия, Грузия, Монғолия, Украина, Беларусь азаматтары болса, бір-бірден АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Молдова, Польша, Ауғанстан және Армения елінен келгендер.

Сондай-ақ, іс-шара кезінде 2 килограмм 300 грамм героин, 170 грамм гашиш, заңсыз өткізбек болған 35 тоннадай халық тұтынатын тауарлар, 16 түйіншек киім-кешек, 6 дана автомобиль, 3 тоннадан астам дизель жанармайы, 10 тоннадан астам құс еті, 38 бас ірі мүйізді қара, 8 бас ұсақ мүйізді мал, 36 бас жылқы және 12 түйе ұсталды. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер, балалар тағамы, ірімшік пен май өнімдерінің де заңсыз өтуіне жол берілмеді. Жасырын жолмен өткізбек болған 240 дана рұқсатсыз дискілер, декларацияланбаған 17 000 АҚШ долларының, 1000 евроның, қырғыз сомдары мен теңгенің жолы кесілді.

"Транзит" біріккен шекаралық іс-шарасы әлі де жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны