22.06.2006, 13:17 2615

Шекарашылар Алматы облысында Қытай азаматынан декларацияда көрсетілмеген 45 мың АҚШ долларын тәркіледі

АЛМАТЫ. 22-маусым. Kazakhstan Today. Алматы облысындағы “Қорғас” өткізу бекетінің шекарашылары Қытай азаматынан декларацияда көрсетілмеген 45,6 мың АҚШ долларын тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстаннан Қытайға бет алған осы елдің азаматы бағытты автобусқа түскелі жатқанда қолға түсті. Ақша оның заттарына жүргізілген тінту кезінде табылды.

Іс Жаркент қалалық сыбайлас жемқорлықпен күрес бөліміне тексеруге берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны