30.11.2016, 12:55 6647

Шекарашылар Астанадағы №1 балалар үйініӊ ұжымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады

ҚР ҰҚК Төрағасыныӊ орынбасары - Шекара қызметініӊ Директоры генерал-майор Дархан Ділманов Астанадағы №1 балалар үйініӊ ұжымы мен тәрбиешілерін 30 жылдық мерейтойларымен құттықтады,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Төрағасыныӊ орынбасары - Шекара қызметініӊ Директоры генерал-майор Дархан Ділманов Астанадағы №1 балалар үйініӊ ұжымы мен тәрбиешілерін 30 жылдық мерейтойларымен құттықтады,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

"Ата-анасыз қалған балаларды Қазақстан Республикасыныӊ патриоты етіп тәрбиелеу оӊай шаруа емес, - деп атап өтті ҚР ҰҚК Төрағасыныӊ орынбасары-Шекара қызметініӊ Директоры, - бұл бағытта ұйымдастырылған тиімді жұмыс қайырымды ісімізді аяғына дейін жеткізуге, балалар үйініӊ аяғынан тік тұруына көмектесуде".

Міне, арада өткен 13 жыл ішінде Шекара қызметі балалар үйініӊ ұжымымен біте қайнасып, олардыӊ жақын достарына айналып кетті, шекарашылардыӊ қатысуымен түрлі мерекелерді атап өту, түрлі патриоттық іс-шаралар өткізу дәстүрге енгізілген.

Генерал-майор Дархан Ділманов балалар үйі ұжымын бүгінгі мерекелерімен құттықтай отырып, оларға мықты денсаулық, ашық аспан және денсаулық пен табыс тіледі!

" Балалардыӊ барлық арманы орындала берсін!", - деп шекара ведомствосыныӊ басшысы ерекше атап өтті.

Өз кезегінде балалар үйініӊ тәрбиеленушілері мерекелік концерт қойып, сонымен қатар өздерініӊ тұрмыстық жағдайларын көрсетіп, өздерініӊ шығармашылықтарын - қолөнерлік көрмесін ұсынды.

Бұл күні құттықтау сөз бен басқа да ізгі тілектер көп айтылды. "Достық" отбасылық тобына тәтті сыйлықтар берілсе, ұстаздар мен тәрбиеленушілерге алғыс хаттар мен құттықтау адрестері табысталды.

Келесі күні мемлекеттік шекара сақшылары балалар үйініӊ жасөспірімдерін "Барыс" пен "Амур" арасындағы ойынды тамашалауға алып барды.



Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны