15.01.2014, 19:36 3063

Шекарашылар бір тәулікте ұстаған заңсыз тауарлардың ішінде алдын- ала баға бойынша 500 000 теңгені құрайтын қара уылдырық та бар

Бір тәуліктің ішінде қазақстандық шекарашылар қара уылдырық, халық тұтынатын тауарлар және құс еті секілді өнімдерді заңсыз өткізуге тырысқан азаматтардың жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Бір тәуліктің ішінде қазақстандық шекарашылар қара уылдырық, халық тұтынатын тауарлар және құс еті секілді өнімдерді заңсыз өткізуге тырысқан азаматтардың жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордай шекара отрядына қарасты "Өтеген" өткізу-бақылау бекетінің наряды қырғыз елінен келе жатқан жалпы салмағы 3,5 центнер болатын 17 қорап құс етін ұстады. Шекарашыларды байқап қалған беймәлім адамдар көршілес мемлекеттің аумағына қарай қаша жөнелді.

Осы күні "Қордай авто" өткізу-бақылау бекетінің шекарашылары "Тойота-гранд хайс" автомашинасымен жалпы салмағы бір тоннаға жуық заттарды заңсыз алып келе жатқан қырғыз елінің азаматын ұстады.

Орал шекара отрядына қарасты "Илімбет авто" өткізу-бақылау бекетінің шекарашылары ресей жеріне заңсыз өткізілмек болған 3 килограмм қара уылдырықты ұстады, құнын есептегенде алдын- ала баға бойынша 500 000 теңгені құрады. Ал уылдырықты аталған азамат "Лада" автокөлігінің артқы есігінің жапсырмасына жасырып алып өтпек болған.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылып, фильтрациялық іс-шаралар атқарылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны