25.07.2016, 19:21 4125

Шекарашылар елдіӊ оӊтүстік батысында болуы ықтимал шартты шекаралық қарулы қақтығыс бойынша іс-қимылдарды пысықтады

"Батыс-2016" көпсатылы жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы үш деӊгейде өткізілді.

Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today. Мемлекеттік шекараныӊ оӊтүстік батыс бөлігінде "Батыс - 2016" деген атпен көпсатылы жедел-тактикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Искери іс-қимылдарға негізделген жаттығуды Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасыныӊ орынбасары - Шекара қызметініӊ директоры генерал-майор Дархан Ділманов бақылады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі таӊда экстремизм мен терроризм мәселесі ушығып тұрғандығы белгілі, бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке де қауіп-қатер төндіруде.

Осы жылдыӊ 22-шілдесі күні Құрлықтағы әскерлердіӊ Искери институтында бес күнге созылған оқу-жаттығудыӊ еӊ бір белсенді бөлігі өткізілді. Оған Шекара қызметініӊ барлық бөлімшелері, оныӊ ішінде шекара авиациясы, кемелері мен катерлері, түрлі әскеритехникалары қатыстырылды.

Екі өӊірлік шекара басқармаларыныӊ түйіскен жерінде шекара сақшылары шекаралық іс-шараларды өткізуді іс жүзінде атқарды. Бірқатар міндеттерді шекарашылар Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ұланы және Қарулы күштер құрылымдарымен бірлесе отырып атқарды.

Қазақстандық шекарашылар әскери және жедел-қызметтік дайындықтарын, ұйымдық-басқарушылық қызметті атқара алатындықтарын, қарулы қақтығыс кезінде күш құралдарын қолдану барысын тексерді.

Штаб және Мемлекеттік шекараны күзетуге қатысы бар басқа да басқару органдарыныӊ ықпалдастығын дамыту ісін пысықтады.

Шекара құрылымдарындағы лауазымды тұлғалар үшін өздерініӊ функциональдық міндеттерін әртүрлі бағытта пысықтауға берілген жақсы мүмкіндік екендігін айта кету керек.

"Батыс-2016" көпсатылы жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы үш деӊгейде өткізілді.

Оныӊ бірінші деӊгейінде - Қазақстан Республикасыныӊ оӊтүстік батысындағы мемлекеттік шекарадағы шекаралық қарулы қақтығыстыӊ шартты түрде басталуына қатысты іс-қимылдар пысықталды.

Оқу - жаттығудыӊ екінші деӊгейінде диверсиялық - барлау, бандиттік топтарды іздестіру, оларды ұстау шаралары пысықталды. Сондай-ақ қарулы қақтығыс кезінде көршілес елдерден өтуі мүмкін босқындарды ауыздықтау мәселесін реттеу іс жүзінде көрсетілді.

Оқу-жаттығудыӊ үшінші деӊгейінде шекаралық қарулы қақтығысты жоюға қатысты әскери атыс практика жүзінде көрсетілді.

Шартты қарсылас ретінде көршілес елдіӊ аумағы алынды. Көршілес елдіӊ үкіметтік әскерлері мен халық жасағы қарсыластардыӊ жасағын тоқтатып, өздерініӊ аумағыныӊ көп бөлігіне бақылау орнатты.

Кішкене үзілістен кейін шартты қарсылас әскери және арнаулы іс-шаралардыӊ нәтижесінде шекаралас аймақты басып алды. Мемлекеттік шекара жолағындағы жауапкершілікті күшейту туралы шешім қабылданды.

Шекара қызметініӊ бірлестіктері, құрлымдары және бөлімдері мемлекеттік шекараны күзетудіӊ күшейтілген режиміне көшіріледі. Жедел түрде Шекара қызметініӊ резерв тобы жасақталады. Олар белігіленген аудандарда құрылып, сол жерлердегі өӊірлік басқармалардыӊ қарамағына беріледі. Оларды орналастыру және әскери іс-әрекетке енгізу іс-шаралары қарастырылады. Теӊіздегі шекарамызды күшейту үшін кемелер сапынан екі тактикалық топ жасақталып, олар тікұшақтар звеносымен күшейтіледі.

Жағдай өте ушыққан жағдайда ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін аумақтық бөлімшелерде дайындық іс-шаралары атқарыла бастайды.

Шоғырлану аумағына жинақы топтар, тактикалық кеме топтары келе бастайды, суастыдиверсиялық және минаға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Алдыӊғы шептегі басқару бекеттері, авиация топтары құрылады.

Шекара заставаларыныӊ күш-құрылымдарыныӊ арқасында шекара отрядтарыныӊ күш-құрылымдарын қатыстыра отырып инженерлік жабдықтау үшін іс-шаралар атқарыла бастайды.

Шабуыл кезінде қарсыластыӊ негізгі күштері айтарлықтай шығынға батты. Содырлар жасақтарыныӊ бірқатар бөлігі көршілес мемлекеттердіӊ бірініӊ аумағында қайтадан жасақтана бастады. Искери іс-қимылдар жүргізіле бастайды.

Жағдай шын мәнінде ушыға түсті. Шекара заставаларыныӊ аумағында Мемлекеттік шекараны бұзған азаматтар шұғыл түрде көбейе түсті.

Шекара заставасындағы жағдайдыӊ ушығуы мүмкін екендігін есепке ала отырып заставалар адам санымен, және борндытехникалармен күшейтілді.

Мемлекеттік шекара топтық қарумен қаруланған шекара нарядтарымен күшейтіледі, ал қауіп-қатер төніп тұрған аумақтар брондытехникамен күшейтіледі. Мемлекеттік шекарада белгіленген режимді бұзушылардыӊ жолын кесу бағытындағы іс-шаралар атқарылады.

Теӊіз арқылы өтетін мемлекеттік шекара бойында да шекаралық инциденттер көбейе түседі - құрлықтағы және теӊіздегі мемлекеттік шекараныӊ бұзылуы, жекелеген адамдардыӊ және топтанған адамдардыӊ шекара бұзуы байқалады, көршілес мемлекеттен бақылаудыӊ жүргізіліп жатқан дерегі тіркеледі, шекара нарядтарын ату дерегі тіркеледі. Босқындардыӊ тұрақты түрде келуі байқалады.

Осылайша босқындардыӊ саны арта түседі. Олар шекара бойына лагерь тұрғызады. Қарсыластар өздерініӊ жымысқы пиғылдарын іске асыру үшін босқын ретінде еніп, содан кейін үгіт-насихаттық, бүлдірушілік, жансыздарды іске тарту әрекетін іске асырады. Осы мақсатта қарсыластар босқындар лагерінде бүлдірушілік әрекетін белсенді түрде жүргізе бастайды, сол арқылы шекарадан жалпылай өтуді көздейді.

Көршілес бір мемлекеттіӊ аумағында қарулы қақтығыстыӊ орын алғандығы туралы ақпарат келіп түседі, ол қақтығыстыӊ біздіӊ елдіӊ аумағына қарай ойысуы мүмкін екендігі қарастыралады.

Мемлекеттік шекараны бұзып өткендер тіркеледі. Шекара заставалары шекараны бұзып өтушілерді тоқтату жолында әскери іс қимылға кіріседі.

Құрамалы әскери жасақтардыӊ көмегімен әскери авиацияны қолдана отырып заӊсыз өткен қарулы жасақты жою туралы шешім қабылданады.

Құрама отряд жасақтары белгіленген ауданға қарай маршпен қозғалады, авицияныӊ көмегі арқасында ұрысқа кіріседі. Ұтымды шабуыл нәтижесінде басып кірген қарсыластыӊ көзі жойылады, мемлекеттік шекараны қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқарылады.

Шекара құрылымдары шекараны күзетудіӊ қалыптағы жағдайына көшіріледі, тұрақты қызмет ететін жерлері бойынша резервтік топтар қайта жасақталады.

Шекара сақшылары осылайша өздеріне жүктелеген міндеттерді абыроймен орындап шықты, терроризмге, есірткі мен қару-жарақтыӊ заӊсыз айналымына, табиғи байлықты контрабандалық жолмен алып кетуге, заӊсыз миграцияға тосқауыл қойылды.

Еліміздіӊ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында терроризмге қарсы күрес қашанда басымдыққа ие екендігі белгілі.

Бүгінгі шекарашы дегеніміз ол - өз Отаныныӊ патриоты, беделді де абыройлы, тереӊ білім игерген, адамгершілік қасиеті жоғары, кез-келген сәтте қиналған жанға көмек қолын созуға дайын, елі мен жерін қасық қаны қаны қалғанша қорғай білетін маман екендігі анық, оны бүгінгі оқу-жаттығу барысында дәлелдей білді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны