17.02.2014, 20:17 3677

Шекарашылар иесіз автокөліктерді анықтады

Тексеру барысында инженерлік құрылғылардың қирағандығы байқалды, бұл дегеніміз мемлекеттік шекараның бұзылғандығының айқын дәлелі деген сөз.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. Тараз шекара отрядына қарасты "Гранитогорск" бекетінің шекарашылары кезекшілік кезінде иесіз қалған екі автокөлікті анықтады.

Нақтырақ айтқанда, "Мерседес Бенс" және "Рейнджер Ровер" автокөліктері елімізден қырғыз жеріне қарай кетіп бара жатқан кезде көзге түсті. Белгісіз адамдар шекара нарядын көрген бетте автомашиналарды тастай салып, көршілес елдің аумағына барып жасырынды.

Тексеру барысында инженерлік құрылғылардың қирағандығы байқалды, бұл дегеніміз мемлекеттік шекараның бұзылғандығының айқын дәлелі деген сөз.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны