11.01.2007, 17:56 3090

Шекарашылар Қазақстанға бағыт алған 21 тонна түсті металл контрабандасының жолын кесті

АЛМАТЫ. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте "Жетісай" жеке комендатурасының шекарашылары Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында республика аумағына түсті металл әкелуге бағытталған екі контрабанда дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінен.

Шекаралышар Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған екі "КамАЗ" автокөлігімен рәсімделмеген 20 тонна түсті металл тиеп әкеле келе жатқан төрт қазақстандықты ұстады. Кешке жақын шекараның осы учаскесінде тағы екі қазақстандық ұсталды. Олар МТЗ-80 тракторына бір тонна түсті металл тиеп , Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған.

Сол күні шекарашылар жасағы "КамАЗ" автокөлігіне 15 тонна ұн тиеп, өткізу бекетін айналып өтуге әрекет жасаған Өзбекстан азаматын құрықтады.

"Барлық үш дерек бойынша іс қаралуда",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны