28.02.2007, 16:45 6617

Шекарашылар Ресейден Қазақстанға 6 тоннадан астам еттің заңсыз әкелінуіне тосқауыл қойды

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Қостанай облысында шекарашылар Ресейден Қазақстанға 6 тоннадан астам еттің заңсыз әкелінуіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қаракөл" күзетінің шекарашылары шекарадан екі шақырым қашықтықта Қазақстанның екі азаматын ұстаған. Шекара бұзушылар жалпы салмағы 6 тоннадан астам контрабандалық ет артқан екі "ЗИЛ-131" көлігімен өтпек болған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны