28.07.2020, 18:00 6999

Шекарашылар алтыны бар кенді қолға түсірді

Сарапшылардың пікірі бойынша, алтыны бар 1 тонна кеннен 1 кг дейін таза алтын шығады

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan Today - Шекарашылар алтыны бар кенді қолға түсірді.

2020 жылғы 27 шілдеде ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Қайрақ" автомобиль өткізу пунктінде Нұр-Сұлтан қаласынан Ресей Федерациясының Челябинск облысына кетіп бара жатқан жүк автомашинасын тексеру кезінде жалпы салмағы шамамен 10 тонна болатын 12 көлемді қапқа салынған алтыны бар кенді анықтады. Құжат бойынша жүк "кварцит" ретінде ресімделген.

Сарапшылардың пікірі бойынша, алтыны бар 1 тонна кеннен 1 кг дейін таза алтын шығады, ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, 1 грамм алтынның құны - 25 213 теңге. Алдын ала бағалауға сәйкес алынған өнімнің сомасы шамамен 250 млн. теңгені құрауы мүмкін.

Ұсталған жүк процессуалдық баға беру үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны