07.11.2019, 18:05 7628

Шекарашылар кезекті браконьерлерді қолға түсірді

Автомашинада ҚР 6 азаматы болған. Барлығына ҚР ӘҚКо 1-бөлігі 1-тармағының 510-бабы "Шекаралық режимді бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтан. 7 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерліктің жазасын қатайту, сондай-ақ барлық қуатты құрылымдарға заңсыз аң аулаумен күресті күшейту және ондай фактілердің жолын кесу туралы тапсырма берді.

Соған қарамастан, заңның талабынан қорықпайтын кейбір азаматтар әсіресе шекаралық аймақтарда заңсыз әрекеттермен айналысуды жалғастыруда. Алайда, олар шекарашылар мен шекара маңында тұратын халықтың қырағылық факторын ескере бермейді.

Зайсан шекара жасағының "Шілікті" шекаралық комендатурасы учаскесінде 2019 жылғы 4 қарашада сағат түнгі он шамасында шекаралық наряды тоқта деген талапты орындаудан бас тартқан УАЗ автомашинасының соңына түсіп, "Аршалы" деген жерде ұстады.

Автомашинада ҚР 6 азаматы болған. Барлығына ҚР ӘҚКо 1-бөлігі 1-тармағының 510-бабы "Шекаралық режимді бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Ұсталған автомашинаны тексеру барысында 21 қапшық қызыл кітапқа енгізілген "Бозғыл жапырақты сепкігүл" (халық арасындағы атауы "Алтын тамыр" немесе пияу) өсімдігі табылды.

Алайда, оқиға бұнымен аяқталмады. Ұсталғандар тоқтаған жерлерінен қайтадан қаша жөнеліп, жол-жөнекей өсімдік салынған қапшықтарды машинадан лақтыра бастады. Бірақ шекарашылардың құрығынан құтылып кете алмады. Олар қайтадан ұсталып, шекара жасағына жеткізіліп,ҚР ҚК 339-бабы "Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау" бойынша қылмыс белгілерімен Зайсан аудандық прокуратурасы арқылы ШҚО бойынша ПД Зайсан АПБ тапсырылды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

"Бозғыл жапырақты сепкігүл" - Шығыс Қазақтан облысының таулы аудандарында өсетін емдік қасиеті жоғары өімдік. Халық медицинасында емдік қасиетімен құнды болып табылады. Шет елдерде, әсіресе шығыс Азия елдерінде жоғары бағаланады. Кейбір азаматтардың болашақ ұрпақты ойламай оңай жолмен ақша табуға талпынуы кесірінен алтын тамыр өсімдігінің шығу көлемі жыл өткен сайын азайып бара жатыр. Осы қарқынмен отай беретін болсақ енді бірнеше жылдан соң жерде шөп те қалмайытн түрі бар. Жергілікті халық осы жағын ойланса дейміз, деп эазады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны