17.07.2014, 21:06 2914

Шет елдік делегация Семейдің онкологиялық орталығында болды

МАГАТЭ Семейдің онкологиялық диспансерінің заманауи сәулелі аппараттармен қамтамасыз етіуіне атсалысты. 14-18 шілде аралығында Семейде БИОНТ (Братислава, Словакия) компаниясының МАГАТЭ сарапшылары Ядролық медицина орталығын пайдалануға беру мәселесі бойынша жергілікті мамандарға кеңес береді.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Үш шет елдік делегация Семейдің онкологиялық орталығында болды, - деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

МАГАТЭ Семейдің онкологиялық диспансерінің заманауи сәулелі аппараттармен қамтамасыз етіуіне атсалысты. 14-18 шілде аралығында Семейде БИОНТ (Братислава, Словакия) компаниясының МАГАТЭ сарапшылары Ядролық медицина орталығын пайдалануға беру мәселесі бойынша жергілікті мамандарға кеңес береді.

"ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық бағдарлама дайындалды. Бағдарламаны іске асыру мақсатында жоғарымаманданған бес орталықтың бірі радиациялық онкологияның онкологиялық орталық құрылысы жүргізілуде. Бізге МАГАТЭ сарапшылары келіп биыл іске қосылатын орталықты жұмыс істету бойынша түрлі кеңестер беруде. Сарапшылар ядролық медицина орталығының ашылуында көмек береді", - дейді Шығыс Қазақстан РОД директоры Марат Сандыбаев.

Семейдегі ядролық медицина орталығының ашылуы 2014 жылдың күзіне жоспарланып отыр. Мекеме диагностика мен науқастарды емдеуге арналған заманауи қондырғылармен жарақтандырылған.

"Біз МАГАТЭ-мен арадағы әріптестікті Қазақстанның бірнеше ұйымдары бойынша жалғастыра бермекпіз. Атап айтар болсақ олар Ядролық физика институты. Ол науқастарды емдеуге радиофрмпрепараттарды алып келмек. Орталық барлық Қазақстан науқастарына қызмет көрсетіп, көршілес Ресейдің де өтініштерін қабылдамақ. Мамандар сақадай сай дайын. МАГАТЭ жобасы аясында 30 адам дайындалды. Орталықты ашуға дайын отырмыз", - дейді М. Сандыбаев.

Хабарламада айтылғандай, осы күндері Шығыс Қазақстан облысында Каннам Северанс (Оңтүстік Корея) клиникасында профессор Чанг Ханг Сок пациенттерге кеңес беріп, Семейдің РОД хирургтарымен бірлесіп, операциялар жасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны