24.12.2013, 21:03 2982

Шет мемлекет басшылары ҚР Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

"Құттықтауларда Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қысқа тарихи кезеңде халықаралық аренадан лайықты орнын алып, елде ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы арқасында халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейі мен мемлекеттің өсіп-өркендеуі қамтамасыз етілгені атап өтілген", - делінген хабарламада.

Алматы. 24 желтоқсан. Kazakhstan today. Тәуелсіздік күнін атап өтуге байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер басшыларынан, халықаралық ұйымдар жетекшілерінен,сондай-ақ еліміздің жекелеген азаматтарынан хаттар мен жеделхаттар көптеп келіп түсті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тәуелсіздік күнін атап өтуге байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер басшыларынан хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Құттықтауларда Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қысқа тарихи кезеңде халықаралық аренадан лайықты орнын алып, елде ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы арқасында халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейі мен мемлекеттің өсіп-өркендеуі қамтамасыз етілгені атап өтілген", - делінген хабарламада.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун жолдаған хатта Ұйымның бейбітшілік, даму және адам құқығы тәрізді ортақ мақсаттарды ілгерілету ісіндегі қызметіне Қазақстанның белсенді атсалысатыны атап өтілген.

Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің құттықтауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуындағы таңданарлықтай табысқа жеткені, сондай-ақ елдің халықаралық беделінің арта түскені айтылған.

"Таяуда қол қойылған XXI ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық шарты негізінде біз екіжақты байланыстардың өзара тиімді бүкіл кешенін одан ары белсенді түрде ұлғайта түсетінімізге сенімдімін", - делінген хатта.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Б.Обама өз құттықтауында екі ел серіктестігінің орнағанына ұзақ уақыт өте қоймаса да, ол халықтарымыз бен үкіметтеріміз арасындағы ынтымақтастықтың барлық саласын мейлінше қамтып, дамып келе жатқанына тоқталған.

"Өз тәуелсіздігін алған кезеңнен бергі 22 жылда Қазақстан мәдени, конфессиялық және этникалық алуандылығынан қуат алуын жалғастырып келеді. Үкімет пен халық орасан әлеуетін танытатын нарықтық экономика құрды. Қазақстан халқы осы жетістіктерін орынды мақтаныш ете алады", - делінген хатта.

Өзінің жүрекжарды тілегін Түрік Республикасының Президенті А.Гүл де жолдай отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып отырғанына назар аударған. Сондай-ақ, ол стратегиялық серіктестік деңгейіне қол жеткізген көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жөніндегі жұмыстардың жалғасын табатынына сенім білдірген.

Өз кезегінде Түрік Республикасының Премьер-Министрі Р.Ердоған жолдаған құтықтауында Қазақстан белсенді сыртқы саяси қызметі арқылы бүгінде халықаралық қоғамдастықтың құрметті мүшесіне айналып отырғанын атап көрсеткен.

Өз құттықтауында Үндістан Республикасының Президенті П.Мукерджи мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастар аясының кеңейе түскенін жеткізген.

"Сіздің дана басшылығыңызбен Қазақстан прогреске тез жетті, ал Үндістан Сіздің еліңіздің табыстарына қуанады", - делінген хатта.

Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе жолдаған құттықтау хатта өткен жылдар ішінде Қазақстан мен Кореяның өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы айтарлықтай артқаны атап өтілген.

"Мен екі ел халықтарының өзара мүддесі негізінде түрлі салалардағы біздің достығымыз бен ізгі қарым-қатынастарымыз болашақта одан әрі нығая береді деп үміттенемін", - делінген құттықтау хатта.

Монако Князі Альбер II мерекеге байланысты шынайы тілегін жолдап, екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірген.

Швейцария Конфедерациясының Президенті У.Маурер мемлекеттеріміз арасындағы табысты дамып келе жатқан сенім мен достық қарым-қатынастары алдағы жылдары да өркендей түсетініне сенім артқан.

Өз құттықтауында Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік сипат алып, жыл өткен сайын айтарлықтай мазмұнды және қарқынды бола түскеніне тоқталған.

Украина Президенті В.Янукович Мемлекет басшысының басшылығымен елді жүйелі жаңғырту жолындағы жоғары нәтижелерге одан әрі қол жеткізудің сенімді іргетасы болып саналатын экономикалық жаңарулар мен әлеуметтік-гуманитарлық жобалар қарқынды іске асырылып жатқанын атап өткен.

Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримов стратегиялық серіктестіктің берік қағидаттарына, көпғасырлық достық дәстүрлеріне, тату көршілестікке, өзара қолдау мен құрметке негізделген көпжоспарлы Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастары көршілес елдер мен халықтардың мүдделеріне сай алда да мүлтіксіз дами түсетініне және нығая беретініне сенімін білдірген.

Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев өзінің құттықтау жеделхатында екі мемлекет халықтарының игілігі жолындағы Қазақстан-Қырғызстан стратегиялық серіктестігі одан әрі жан-жақты дамитынына және нығая беретініне сенім білдірген.

Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедов жолдаған құттықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жылдары саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда қол жеткізген табыстары, сондай-ақ екі ел арасында қалыптасқан жан-жақты қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екені атап өтілген.

Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон достықтың берік дәстүрлері мен өзара құрметке негізделген, ғасырлық тарихи тамыры бар Қазақстан-Тәжікстан өзара ықпалдастығының қарқынды дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өткен.

Ізгі тілекке толы хаттар Ресей Федерациясынан - Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуровтан, Ресей Федерациясы Пенза облысының губернаторы В.Бочкаревтен келіп түсті.

Өз құттықтауларында АҚШ Конгресінің мүшелері М.Фицпатрик, Л.Ланс, Г.Мэнг және М.Мидоус Қазақстанның беделі артып келе жатқанын, оның Орталық Азия мен Ауғанстанда тұрақтылық пен бейбітшілікті ілгерілетудегі маңызды рөлін, сондай-ақ терроризммен халықаралық күреске тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырғанын атап өткен.

Бұған қоса, Эскишехир қаласының мэрі А.Тун Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қала түрік әлемі мәдениеті астаналары мәртебесін Астанадан қабылдағанына қанағаттанушылық білдірген.

Халықаралық ұйымдардың жетекшілері де Мемлекет басшысының атына ең ізгі ниетті тілектерін жолдап, жемісті ынтымақтастықты жалғастыру туралы өздерінің ниеттерін білдірген.

ЕурАзЭҚ бас хатшысы Т.Мансұровтың құттықтауында Мемлекет басшысының еуразиялық интеграция авторы және идеялық жетекшісі ретіндегі халықаралық беделі интеграциялық процестердің табысты болуын айқындап бергені атап өтілген.

Сонымен қатар, өз құттықтауларын ТҮРКСОЙ бас хатшысы Д.Қасейінов пен ТМД парламентаралық кеңесінің бас хатшысы А.Сергеев, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрайымы Т.Анодина, Еуропа геронтология мен гериатрия қауымдастығының президенті В.Хавинсон, "МИР" МТРК төрағасы Р.Батыршин жолдаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны